23.11.2018, 10:25
Қараулар: 21
«Туған жерді құрметте»

«Туған жерді құрметте»

Осындай атаумен Амангелді мектебінде шығарма жазу байқау ұйымдастырылды.


Шәкірттердің туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткен сайысқа оқушылар белсенді қатысты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған жердің тарихы мен болашағын қағаз бетіне түсіріп, арман-мақсаттарымен бөлісті. «Мен кіммін және еліме не беремін?» сауалына жауап іздеген оқушылар өздерін елдің келешегі екенін жақсы түсінді.

Байқау нәтижесінде 2-сынып бойынша Ж.Ахиярова, 3 сыныптан Ж.Мәқім мен Д.Тілеуімбетова, 4 сынып оқушысы Р.Өтешқалиев жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ 5-7 сынып аралығында Г.Шарипова мен 8-11 сыныптан А.Беркімбай жеңіс тұғырынан көрінді.

Жадыра Владимирова,

Тәрбие ісінің орынбасары