26.11.2018, 9:43
Қараулар: 12
«Латын әліпбиі – баба арманы, ұлт таңдауы»

«Латын әліпбиі – баба арманы, ұлт таңдауы»

Осындай атаумен аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Тасқала колледж студенттеріне арналған тақырыптық сағаты өтті.


Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы латын әліпбиіне көшу мәселесі аталмыш шарада талқыланды.

Сондай-ақ латын әліпбиіне көшу заман талабы және ана тіліміздің халықаралық дәрежеге шығуына мүмкіндік беретінін түсіндіру мақсатында өткен шараға колледж оқытушылары мен мәдениет қызметкерлері қатысты. Кеш барысында жаңа технология тіліне айналған латын әліпбиінің елдің дамуына қалайша ықпал жасайтыны туралысөз қозғалды.

Света КИРЕЕВА,

 Тасқала аудандық кітапханасының меңгерушісі