27.11.2018, 10:07
Қараулар: 371
Алғашқы сертификатқа қол жеткізді

Алғашқы сертификатқа қол жеткізді

 

Естеріңізде болса осыған дейін «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты мен «Болашақ» қауымдастығы «English for Jastar» жобасы бойынша ауданымызда екі айлық курстың басталғанын жарыса жазған болатынбыз. Жуырда ол өз жұмысын аяқтады.

Қ.Сәтбаев атындағы мектепте курсты толық аяқтап шыққан оқушыларға салтанатты түрде  арнайы сертификаттар табысталды.

Аталмыш жобаның сәтті  жүзеге асуына  пәкістандық азамат АймалХан мен студент, ерікті Жәңгір Мүбиновтың еңбегі зор.

Бұл жоба енді аудан орталығындағы «Сәулет» мектеп-лицейінде жалғасын табуда. Оқушылардың білсем, үйренсем деген ынталары зор.

Гүлназ Нығметова