23.11.2018, 10:14
Қараулар: 414
Жаңа міндеттер талқыланды

Жаңа міндеттер талқыланды

 «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазездің  төрағалығымен  аудан әкімдігінің мәжіліс залында дөңгелек үстел өтті.


Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары Арсен Баяндықов пен «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы баспасөз хатшысы Назгүл Қожанбаева және «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев арнайы қатысты.

Бастауыш  партия ұйымы төрағалары мен партия және  «Жас Отан» ЖҚ белсенділері бас қосқан жиында  «Бастауыш партия ұйымдары қызметінің жаңа векторлары» тақырыбында әңгіме өрбіді.

Алдымен Арсен Толқынұлы келген қонақтарға қош келдіңіз айтып, жиын жұмысына сәттілік тіледі. Одан әрі сөз алған жиын төрағасы Думан Ғазез қараша айының 14-15 күндері Астана қаласында өткен «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының республикалық форумында көтерілген жаңа міндеттер мен тың идеялар жөнінде таныстырып өтті.

-Алғаш рет өткізіліп отырған іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген 600-ден астам делегат қатысты. Олардың қатарында бастауыш партия ұйымдары мен аймақтық және аумақтық партия филиалдарының басшылары және белсенді партия мүшелері бар. Одан бөлек, Форумға белгілі отандық және шетелдік сарапшылар, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары арнайы қатысып, партия жұмысын жандандыру мәселелерін жан-жақты талқылады

Сондай-ақ форум барысында аталған құжат жан-жақты талқыланып, партия мүшелерінің ой-пікірлері тыңдалды.

Ауқымды жиынның басты мақсаты – бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандырудың тиімді жолдары мен тетіктерін талқылау.

Оған біздің облыстан 29 делегат қатысты. Бүгінгі ұйымдастырылған дөңгелек үстел де сол форумда көтерілген мәселелерді жергілікті жерде өздеріңізбен отырып тағы бір талқылау және оның  қорытындыларын өздеріңізге жеткізу болмақ,-деді ол өз сөзінде.

Одан әрі жиынға қатысушылар өз ойларын ортаға салып,  форум жұмысында айқындалған басты мақсаттарды жүзеге асыруға бір аісідей атсалысуға сенім білдірді.

Назгүл Серікқызы