23.11.2018, 10:17
Қараулар: 9
Мектеп оқушыларымен кездесті

Мектеп оқушыларымен кездесті

Облыстық Дін зерттеу орталығының мамандары Мысыр еліндегі Әл-Әзһар университетінің түлегі облыстық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы, теолог маман Азамат Раманкулов пен Нұр Мүбарак университетінің түлегі теолог маман Наурыз Убаев іссапармен ауданымызда болды.


Олар мектеп оқушыларымен кездесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында оқушыларға бүгінгі таңдағы дін ұстанушының келбеті, жастардың жат ағымға өтуінің себептері төңірегінде әңгіме өрбітті.

Сондай-ақ  жат ағымнан қалай сақтану керектігін насихаттайтын бейнероликтер көрсетілді.

Шара соңында оқушылар мамандарға көптеген сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.

Мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Қуанғали Тыным,

«Руханият» оғамдық бірлестігінің төрағасы