6.12.2018, 18:51
Қараулар: 15
Әжелер балабақшада

Әжелер балабақшада

Осыған дейін аудан әкімі Алдияр Халелов «Ақ тілеу» халықтық әжелер ансамблі мүшелеріне балабақша бүлдіршіндермен кездесіп, оларға салт-дәстүрімізді насихаттап, ертегі айтып, ұрпақ сабақтастығын жалғастыру жөнінде  ұсыныс тастаған болатын.  


 

Сол бүгінде өз шешімін тапты. Әжелеріміз «Рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын бағдарлама мен Елбасының күні кеше ғана жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Бөбек» балабақшасының тәрбиеленушілерімен кездесті.

            Бұл күні бөбектер үшін ерекше болды. Себебі өздеріне сабақ беріп, ойын ойнататын ұстаздардан бөлек, ақ жаулықты әжелермен танысты. Олардың аялы алақаны мен айтқан ертегілері бала үшін тосын сый болғаны рас.

«Әжелер сөзі – ақылдың көзі» атты тәрбиелік-танымдық сұхбат кеші бөбектер мен әжелердің ара-қатынасын одан әрі нығайта түсті. Әжелер ән шырқап, бала көңілін аулауға барын салды.

Кеш барысында ұлттық құндылықтан хабар беріп, халықтың наным-сенімдері туралы әңгіме айтылды, қазақтан шыққан батыр бабалар ерлігі баяндалды.

Айым РУСЛАН