10.12.2018, 17:45
Қараулар: 419
«Асыл сөзді кестелеген қаламгер»

«Асыл сөзді кестелеген қаламгер»

Жуырда дәл осындай тақырыппен қазақ әдебиетінің белгілі өкілі, танымал жазушы Өтебай Қанахинның 95 жылдығына орай Тасқала аудандық кітапханасының «Әдеби қонақжай» үйірмесінде  Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушыларының қатысуымен әдеби сағат өтті.


Өтебай Қанахин – қазақ жазушысы. Халқымыздың ғасырлар бойы өзімен бірге жасасып, атадан балаға үздіксіз жалғасып келе жатқан өнегелі салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдері де жазушы шығармаларында жиі кездеседі.

Осындай ұлттық болмысты насихаттаай отырып,  көпшілік оқырманды кітап оқуға баулу аясында өткен бұл шарада кітапханашы жазушының өмір жолы туралы мағлұмат берді.

Сондай-ақ, оқырмандар назарына «Өтебай Қанахиннің өмір жолы» және ашаршылық туралы естеліктері» атты бейнероликтер ұсынылды.

Шара соңында қорытынды сұрақтар қойылып, қаламгердің шығармашылығына арналған «Кең тынысты суреткер» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Өтебай Қанахин келер ұрпаққа саналы тәрбие беруде мол мұра қалдырған қаламгер. Оның  өткен өмірі, көрген қиыншылықтары мен шығармашылық жолындағы еңбектері бүгінгі ұрпаққа  үлгі-өнеге болып қала бермек.

Бақтыгүл Шотанова

Тасқала аудандық кітапханасының кітапханашысы,

штаттан тыс тілші