14.12.2018, 19:27
Қараулар: 180
Егемендікті атап өтті

Егемендікті атап өтті

Аудандық мәдени-демалыс орталығында ел егемендігі аталып өтілді. Мерекелік шараға аудан әкімі А.Халелов, ақын, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, «Жайық Пресс» медиахолдингі бас директорының орынбасары Ғайса-Ғали Сейтақ, композитор, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының директоры Донеділ Қажымов арнайы қатысты.


            Алдымен сөз алған аудан басшысы Алдияр Сансызбайұлы көрермен қауымды егемендіктің еңселі күнімен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.

  • Ата-баба арманы болған айтулы күннің бүгінде кезекті мерекесін тойлап отырмыз. Тарихқа көз жүгіртсек, еліміз егемендікке қол жеткізгенше қанша белесті артта қалдырғанын көруге болады. Бүгінде бейбітшілік пен келісімді өмір сүрген тәуелсіз елге айналып, тыныш та бақытты өмір сүрудеміз. Осы қалыптан таймай, дүниежүзіне еліміздің атын алтын әріппен жазуды жазсын,- деді өз сөзінде Алдияр Сансызбайұлы.

Мұнан соң Тәуелсіздік күніне орай бір қатар ұстаздар мен мақтаулы мамандарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет гармоталары, облыс әкімі А.Көлгінов пен аудан әкімі А.Халеловтың алғыс хаттары табысталды.

Шара соңы аудан көркемөнерпаздарының концертіне ұласты.

Әсем СЕРІКҚАЛИ