17.02.2019, 11:45
Қараулар: 136
Аудан біріншілігі қорытындыланды

Аудан біріншілігі қорытындыланды

Жақында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен допты-хоккейден «Жастар кубогі» үшін Тасқала аудан біріншілігі  өтті.


            Шараға қатысқан аудан әкімі орынбасары Люция Әсетқызы спортшыларға сәттілік тілеп, жеңіске мықтылардың жетуін тіледі.

Нәтижесінде Ақтау құрама командасы жеңімпаз атанса, Оян құрама командасы екінші орынға табан тіреді. Ал Ы.Алтынсарин мектебінің намысын қорғаған спортшылар үшінші орынды қанжығасына байлады.

Үздік ойын көрсеткен Ы.Алтынсарин құрамасының ойыншысы Б.Мұратов «Үздік қақпашы», ояндық Н.Илан «Үздік қорғаушы», ақтаулық А.Сағынтаев «Үздік шабуылшы» аталымдарына ие болды.

Жарыс қатысушыларына аудандық жастар ресурстық орталағының тисіті  дәрежедегі дипломдары мен естелік сыйлықтары табыс етілді.

Б.САПАРҒАЛИЕВ