17.02.2019, 11:32
Қараулар: 390
Біріншілікте бақ сынасты

Біріншілікте бақ сынасты

Аудан орталығында  баскетбол спорт түрінен жасөспірімдер арасында БЖСМ біріншілігі ұйымдастырылды.


Додаға үлкен дайындықпен келген спортшылар намысты қолдан бермеуге барын салды. Нәтижесінде, ұлдар арасында өткен тартыста аудандық БЖСМ-1 командасы І орынға ие болса, БЖСМ-2 командасы мен Шежін командасы жүлделі ІІ және ІІІ орындарды өзара бөлісті.

Арнайы белгіленген аталымдар бойынша Е.Ерболатов «Үздік ойыншы», А.Мырзабаев «Үздік шабуылшы», А.Шербинин «Үздік ортанғы ойыншы», Ә.Айдынғали «Үздік қорғаушы» атанды.

Ал қыздар арасында болған ойында аудандық БЖСМ-1 командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Ал БЖСМ-2 командасының спортшылары ІІ орынға табан тіресе, Атамекен мектеп командасы ІІІ орынды қанағат тұтты.

Сондай-ақ, әдемі ойын көрсеткен ойыншылар арнайы жүлделермен марапатталды. Олардың қатарында К.Искангалиева «Үздік ойыншы», К.Шарафиева «Үздік шабуылшы», М.Өтешқалиева «Үздік ортаңғы шабуылшы», М.Нұралиева «Үздік қорғаушы» аталмыдарына ие болды.

Жасөспірідер арасында өткен додаға «НЕФТЭК» автокөлік жанармай станцияларының басшысы А.Нупов  қолдау көрсетіп, спортшыларға ойын формалары мен баскетбол доптарын сыйға тартты.

                Айым РУСЛАН