25.02.2019, 11:51
Қараулар: 410
Мейірімділік жүректен

Мейірімділік жүректен

 «Жақсылық жаса» жастар марафоны аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Намыс» жастар  және «Руханият» діни бірлестіктерінің қолдауымен жүзеге асуда.


Қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандар және  жалғызбасты тұрғындарға арнайы көмектер көрсетілуде.

Акция өз кезегінде жастардың қоғамдағы рөлін арттырып, жақсылық жасауға тәрбиелеу мақсатын көздеді. Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Г.Бирниязованың айтуынша акцияға үлес қосып жүргендердің  дені мектеп оқушылары.

  • Еріктілер қатарының көбі жоғары сынып оқушылары. Олар қарияларға көмек көрсеткендеріне риза. «Батаменен ел көгереді, жауынменен жер көгереді»,- деген нақыл сөз бар. Бізге үлкендердің берген ақ батасының өзі жетіп жатыр-дейді олар. Алайда, осындай белсенді жастарымыз жалғызілікті жандарға көмек көрсетеміз деп барғанда, үйден тепсе темір үзетін балалары шығып, «мына жерді тазалау керек» дегені қатты қынжылтады. Себебі бұл акция ардагерлер мен жалғызбасты және мүмкіндігі шектеулі жандарға ғана арналған. Соны бірі түсінсе, бірі түсінбей жатады,- дейді.

Биылғы жылы ауданымызда  212 еріктілердің қатысуымен барлығы 65 адамға көмек көрсетілді.

Әсем СЕРІК