1.03.2019, 10:34
Қараулар: 634
«Тегін такси» қызметі ұйымдастырылды

«Тегін такси» қызметі ұйымдастырылды

1 наурыз – алғыс айту күніне орай аудан орталығында «Тегін такси» қызметі ұйымдастырылды.


Аталмыш бастамаға аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресустық орталығы мұрындық болуда. Жастар мен еріктілер қатарында жүрген такси жүргізушілері де белсенділік танытуда.

  • Біз күн сайын ауыл ішінде такси қызметін көрсетеміз. Күн ұзағына аз да болса нәпақамызды табамыз. Жастардың ұсынысын білген соң бірден келісе кеттік. Бір күн бойы ауыл ішінде тегін қызмет көрсеткеннен обып кетпесіміз анық. Есесіне, тұрғындар шын ниетімен алғысын айтуда,- дейді тегін такси қызметін көрсетуші Н.Нығметов.

Бұдан бөлек, өзге де такси қызметкерлері шараға қатысып жатқандарына ризашылықтарын білдіруде.

Әсем СЕРІК,

Тасқала ауданы