1.03.2019, 15:58
Қараулар: 145
«Мұқтаж болсаң ал, қайырымды болсаң қалдыр»

«Мұқтаж болсаң ал, қайырымды болсаң қалдыр»

Дәл осындай ұранмен аудан жастары жаңа бастамаға мұрындық болды.


            Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресустық орталықтың қолдауымен «Мейірімді көктем» акциясы жалғасуда. Ізеттілік пен қайырымдылыққа баулитын акция аясында аудан тұрғындары бір-біріне көмек қолын созып жәрдемдесуде.

Ендігі кезекте аталмыш акция шеңберінде «Өзіңнен баста» жобасы қолға алынды. Алғыс айту күніне орай Тасқала жастары азық-түлік дүкенінен 200 теңгенің 100 теңгесіне нан сатып алып, қалғанын «Мұқтаж болсаң ал, қайырымды болсаң қалдыр» ұранымен жағдайы нашар тұрғындарға көмектесудің ретін тапқан.

  • Біз осы ұсынысымызды аудан орталығындағы дүкендерге білдірген едік. Алайда көпшілігі акцияға қолдау көрсетуден бас тартты. Тек қана «Достық» дүкенінің иелері ұсынысымызды қолдайтынын жеткізді,- дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресустық орталық басшысы Г.Бирниязова.

Әсем СЕРІК