2.03.2019, 16:40
Қараулар: 584
Тасқынның алдын алу басты назарда

Тасқынның алдын алу басты назарда

Аудан әкімі А.Халеловтың төрағалығымен көктем мезгіліндегі су тасқынының алдын алу шаралары бойынша отырыс өтті.


Биылғы жыл қардың мөлшерден тыс көп түсуіне орай су тасқыны болу қаупі ескеріліп, алдын алу жұмыстарына зор көңіл бөлінгені белгілі. Әсіресе, жаппай сенбіліктер ұйымдастырылып, қар тазалау жұмыстары қарқынды жүруде.

Бүгінде көктем мезгілінен бұрын еруді бастап кеткен қар суының төндірер қаупі тұрғындар мазасын алған. Осыған орай ауа райының қолайсыздығына қарамастан сенбілік жұмыстары тоқтатылмаған.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы М.Шауеновтың сөзіне сүйенсек, бүгінде Деркөл өзені бетіндегі мұз қалыңдығы 66 см. Ал қардың түсірілімі бойынша орташа биіктігі 64 см болса, тоң түсу қалыңдығы 11 см-ге жеткен.

Сондай-ақ «Орал-Озинки» тас жолынан 85 жеңіл автокөлігі мен 2 жүк көлігі қардан таза жерге шығарылды. Бұған «Казахавтодор» компаниясы мен аудандық ТЖБ, №13 ӨСБ мен «ЖҚЖ» ММ қызметкерлері жұмылдырылған.

Ендігі кезекте, жол бойындағы каналдарды қардан тазалау жұмыстарына назар аударылуда. Сонымен қатар, қауіп төнген көшелерге техникаларды жұмылдырып, су тасқынына ұшырауы мүмкін үйлерді қардан тазалау жұмыстарына мектеп оқушыларын тарту көзделіп отыр.

Әсем СЕРІК