5.03.2019, 16:37
Қараулар: 8
Келелі жиындағы мәнді әңгіме …

Келелі жиындағы мәнді әңгіме …

Таяуда аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов бастаған ауылшаруашылығы құрылымдарының басшылары мен кәсіпкерлер арасында  кездесу өтті.

Аудан басшысы А.Халеловтің төрағалығымен өткен алқалы басқосуда М. Мұнайдарұлы елімізде кәсіпкерлік бағытқа көп көңіл бөлініп, әртүрлі мүмкіндіктер қарастырылғанын, ауылшаруашылығын өркендету турасында басқосып отырғандарын айтып, мәселенің негізгі  түйінін тарқатты.


Ауданның әлеуметтік-экономикалық  дамуының басым бағыты-мал және егін  шаруашылығы деп сөз бастаған Алдияр Сансызбайұлы аудан көлемінде шешілмей келе жатқан  бірқатар мәселелерге тоқталды. Орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту  мен ауылшаруашылығының өркендеуі жолында облыста   көш соңында екені шымбайға батса да шындық.Оның ішінде мал өсіруде құлашты кеңге жаюға  мүмкіндік мол болғанымен, әлі қанат жайып кете алмай жатқан қожалықтар аз емес.Биылғы жылдың жоспарында 26211- бас ірі қара(94,5пайыз),59662бас қой мен ешкі(96пайыз),8790 бас жылқы(106,7пайыз), құс -30380(103,5 пайыз) құрайды. Аудандағы жағымды ілгерілеу бұл ет өнімдерін өңдеу және «Болашақ» шқ-ы 5000 бас ірі қара малына бордақылау алаңын салуға келісім бар.Осы мәселе жөнінде Бірлік ауылы маңында жер учаскесі анықталған екен.Сондай-ақ, «Аманат» шқ басшысы Санжарбек Сағынов  жалпы сиымдылығы 2000 құрайтын  аудан орталығынан құс фермасын ашуды көздеп отыр.Жобаның құны-17 млн теңге. Күні бүгін салынатын цехтың жер бөлімі анықталуда.

-Әр ауыл округінен  құс өсірумен айналысатын 5 ауыл тұрғынын анықтап,  олармен жұмыс жүргізу тапсырмасы оңтайлы шешілуде.Малды асылдандыру, шет елге экспорттау, жеке шаруашылық ісін қожыратпай, жоғары көтеру жолында әртүрлі мемлекеттік көмектерді алу,өзге де  мәселелер төңірегінде сауалдар қойылып, тұщымды жауап алынды. — Жалпы,аудан малдың  ет, сүт өнімдері  бағытында ғана  өріс жаюда. Ал қалған мемлекеттік бағдарламалар аясында  артта қалып келеміз. Құс ұстаймыз дегендерге де.мүмкіндік мол. Осы бағыттағы  екі жоба облысқа жол тартты. Алда әр отбасында құс өсіруді жоғары  деңгейге жеткізу міндеті тұр. Сондай-ақ, суармалы жер қоймаларын салу жайы да назардан тыс қалмақ емес.

«Орал-Тасқала-РФ» шекарасы автомагистралының  құрылысына орай көптеген жол бойындағы  сервистердің төмендеп қалуы (жол бойындағы) біраз жұмыс қарқынына кедергілер келтіргені мәлім. Сол себепті  индустриялық парктің құрылуы бизнес үшін таптырмас мүмкіндік.Өткен жылы үлкен  республикалық жол салынғанынан көпшілік құлағдар.Сол торапта жол сервисін дамыту жоспары құрылып, жұмыстануымыз керек»-деді аудан басшысы.

Ауданда жер қоры 806805 гектар болса, елді-мекенді қосқанда   жер көлемі 134577 га-ы құрайды.  479576,7 гектар алқапты ауылшаруашылығы  алып жатыр. Оның ішінде 40275,3 га жер егістікке лайықталған болса,60637,1 га тыңайған,12 га көпжылдық екпелерге арналған. Босалқы жерлер 188497,2 га болса,соның ішінде көпжылдық екпелер 8,тыңайған жерлер25055,4,шабындық 45449,7, жайылым 109912,6 га жерлерді алуда.

Сондай-ақ, Бірлік ауылынан 5000 бас бордақылау алаңын салу жоспарланғаны кәдік. Бұл істі «Тасқала» ЖШС-і жетекшісі Нұртай Жұмашев қолға алмақ.

Татарстанның Ақтаныш ауданының өнеркәсіптік кешені жұмысы хақында  ауданда бизнес –инкубатор инвестициялық жобасын салуды жүзеге асыру жоспарланған.

Келелі жиында қожалық жетекшілері өз ойларын, жауап таба алмай жүрген сауалдарын облыс әкімі орынбасарының алдына қойды. Солардың ішінде «Жан Жібек»  жеке қожалық иесі  Асылбек Шымбаев малдан алынатын қанның неліктен  мамыр айында жүзеге асатыны жайында орынды сұрақ қойды.Сонымен бірге бұл үрдісті қатаң сақтап, рейд жүргізу шарт деді ол.  Дұрысында  қан мал өріске кетпей тұрып алынуы тиіс екені мамандар тарпынан да мақұлданды.  Жеке шаруашылық иесі Махамбет Мусин  жаңа туған төлдерді ИФА әдісі бойынша зерттеу төңірегінде әңгіме қозғаса, өзге де ауыл тұрғындарының толғандырған сауалдарына  сала мамандары нақты жауап берді.

Тұрсын ТЕК