13.03.2019, 11:44
Қараулар: 282
«Дзюдодан талай чемпиондар шығады»

«Дзюдодан талай чемпиондар шығады»

Спорт-қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі,адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеметтік қызметтің бір саласы.Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес.Дегенмен  көпшіліктің спортпен шұғылдануға уақыт таба алмай жүргені де жасырын емес.


Жастарды спортқа баулу-жарқын болашақ кепілі. Десек те, болашақтан үміт артатын жастарымыздың спортқа емес, ғаламтор желісінен шыға алмаушылығы басым. Қазіргі таңда мектеп оқушыларын спортқа баулу барысында да  кездесетін кедергілер жетіп артылады. Себебі бүгінде жаңа реформа негізінде білім алу қиынның қиыны.  Оқушылар бағдарламаны өз дәрежесінде меңгеру үшін сабақтан тыс уақытта дәріс алуға мәжбүр. Сабақтан кейін  баланың спортпен айналысуға құлшынысы болмайтыны айдан анық. Өзіне сенімділік бұл — жақсы тәрбиенің жемісі  деуге болады.Әрбір спортпен айналысқан адамның   дені сау, шыдамды және өзіне сенімді болып келеді. Жастарымыз спорпен шұғылдансын десек өзіміз соған үлгі болуымыз шарт. Спортпен шұғылданғанның барлығының чемпион болуы міндетті емес.Әр адам өзінің денсаулығы үшін айналысары хақ. Балаңыз қай спорт түрін  таңдаса да өзіңіз де, бапкерлері де көп сынға алмай тура жолды көрсеткені жөн. Баланы сынға ала берсе, өзіне сенімсіздік пайда болары да түсінікті. Айтқан сөздеріңіз салмақты, ақылға қонымды болғаны дұрыс. Бапкелердің де шәкірттерін бір-бірімен салыстырмағаны  шәкірттері өзінің басқаларымен салыстырғанын сезінген кезден бастап  өзгелермен ара қатынасы нашарлап,барлығын тастап кетуі мүмкін деседі мамандар.. Керісінше оның жетістіктерін мақтап, алға қойған мақсаттарына демеу болыңыз. Сонда ғана болашақ ұрпақтың спортқа деген құлшынысы оянары анық.

Дана халқымыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Ең әуелі олар баланың өз міндетін біліп, сол міндетті жеткілікті дәрежеде орындауы тиіс. Бұл тұрғыда  Тасқала аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо жаттықтырушысы Е.Мұсағалиев:

  • Бапкерлері мен ата-аналары жақсы қарым-қатынаста жұмыс жүргізсе,балаларға тиісті көңіл бөле білсе, келешектің жанашыры,елдің арқа сүйер азаматтары тәрбиеленіп шығары сөзсіз. Менің ойымша әрбір адам баласы қай жағынан болсын жан жақты келісті азамат болып қалыптасуы қажет. Бүгінде ауыл жастары ішімдік ішу, шылым шегу секілді жағымсыз әрекеттерден аулақ болып, бос уақыттарын спорт кешендерінде өткізгендері қандай жақсы болар еді,- дейді.

Тасқала ауданы бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде барлығы 634 оқушы 14 түрлі спорт секциясына қатысады.. Жасөспірімдердің басым бөлігі (108) дзюдо спортына көңіл бөлген. Жерлестеріміздің бұл саладағы жетістіктері туралы дзюдо бапкері Еркебұлан Мұсағалиев айтып берді.

  • Дзюдо-жапондық жауынгерлік өнердің бір түрі.Ол өзінің ұлттық ерекшелігін сақтаған, әлемге кең тараған спорт түрі. Дзюдоның басты мақсаты жоғарғы рухани қағидаларға сәйкес адами білім беру.Қазіргі таңда дзюдо-ең танымал спорт түрінің бірі. 2013 жылдан бері осы жерде дзюдо жаттықтырушысы болып жұмыс істеудемін.Мақсатым дзюдо күресін дамытып деңгейін көтеру, жас спортшылардың шеберліктерін шыңдап, жетістіктерге жетуіне қолдау көрсету.Спортшылардың жеткен жетістіктері туралы айта кететін болсам 9-10 наурыз Беларусь республикасында «Кубок Прайда» халықаралық турнирінде Бисен Аян топ жарып І орынды иеленді. Ресей Федерациясының Самара қаласында өткен халықаралық турнирден де Сырымов Дамир ІІ орын иеленсе, Бекмурзин Арман үшінші орынға табан тіреді.Алдағы уақытта да  өсіп келе жатқан споршылардан зор үміт күтеміз. Ауданымыздың спортшылары әлемдік деңгейде өнер көрсетіп, көк туымызды желбіретсе деген арманыз да бар,- дейді.

Ендеше бапкерлер мен спортшыларды жеткен жетістіктерімен құттықтай отырып, жаңа жеңіс тұғырынан көрінулеріне   тілектеспіз.

Болатбек САПАРҒАЛИЕВ