16.09.2019, 15:10
Қараулар: 405
Жұмыс сапарымен ауданымызда болды

Жұмыс сапарымен ауданымызда болды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша Департамент басшысы, әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев жұмыс сапарымен ауданға табан тіреді.


Алдымен, жұмыспен қамту орталығында болған  Ғалым Сұлтанұлы жұмыссыздық мәселесін тілге тиек ете келіп,  аудандағы  атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

  • Ауылшаруашылығын дамытуды жолға қойып, отбасылық бизнесті қолға алу керек. Ауыл тұрғындарын өз алдына кәсіп ашып, жұмысын дөңгелентуге дағдыландырған абзал. Жұмыссыздық жойылса, ауданның әлеуметтік және экономикалық жағдайы жөнделетін болады,- деді.

Мұнан соң Тасқала ауылдық округі әкімі аппаратының мамандарымен кездесіп,  ауыл ахуалынан хабардар болды. Сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығына кірген өкіл электронды қызмет алу жұмысына тоқталды.

  • Электронды қызметті бүгінгі таңда әр адам үйден шықпай-ақ алуға болады. Бұған мүмкіндік жасалған. Сондықтан зейнеткерлер мен олардың немерелері бұл қызметті үйреніп алғандары абзал. Өйткені,  қазір жастардың барлығы смартфон қолданады. Соны пайдаланып, электронды қызмет түрін бір пайдалануды бір жолға қоятын боламыз- деді ол.

Жұмыс барысында аудан активімен кездескен Ғалым Сұлтанұлы Президент қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстан халқына арнаған Жолдауына тоқталып,  күн тәртібіндегі біраз мәселелерді тілге тиек етті.

Содан соң «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында мемлекеттік қызметшілерге берілетін тұрғын үй, мемлекеттік анықтамалар алу және мемлекеттік жұмысқа орналасу мәселелері талқыланды.

Әсем АМАН,

Тасқала ауданы