17.09.2019, 16:10
Қараулар: 223
Ауылшаруашылығы алдыңғы кезеңде

Ауылшаруашылығы алдыңғы кезеңде

БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде Тасқала ауданының  2019 жылғы 8 айлық әлеуметтік-экономикалық   дамуының қорытындысы  туралы брифинг өтті. Аудан әкімі Алдияр Халелов ауданның әр сала бойынша жеткен жетістігі мен алдыңғы жоспарларымен бөлісті.


2019 жылға арналған аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 5 231,3 млн.теңге құрайды. 1 қазанға жоспары 4 069,3 млн.теңге болса, оның ішінде игерілгені 3 475,0 млн.теңге. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің деректері бойынша 2019 жылғы 1 қазанға 4 038,0 млн.теңге 99.2%игерілуі күтілуде. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі агроөнеркәсіптік кешенін дамыту болып тұр. Ауыл шаруашылығы — біздің негізгі ресурсымыз. Жергілікті шаруалармен тізе қоса отырып, агроөнеркәсіп саласын заман талаптарына лайықтау және өнім көлемін еселей арттыру бағытында біраз жұмыс атқарылды,- деген аудан басшысы әрі қарай аталмыш сала бойынша жасалған жұмыстарды тілге тиек етті.

Ауданның мал шаруашылығын дамыту мақсатындағы бірінші бағыт — мал шаруашылығын асылдандыру. Бүгінде аудан бойынша 2528 асыл тұқымды ірі қара, 2518 асыл тұқымды қой, 107 көшім жылқысы бар. Сондай-ақ мал шаруашылығын субсидиялау мақсаты да көзделген.

Есепті кезеңде ауданның агроқұрылымдарынан «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды» субсидиялауға қатысу үшін 143 млн. 527 мың теңгеге өтінім түсіп, оларға 55 млн. 240 мың теңге субсидия төленген.

Темірболат Әнуарұлы,

Тасқала ауданы