20.09.2019, 11:59
Қараулар: 201
Көліктің кілті табысталды

Көліктің кілті табысталды

   Мерей ауылдық округіндегі фельдшерлік амбулаториялық пунктіне автокөлік табысталды. Айтулы шараға аудан әкімі Алдияр Халелов, аудандық ауруханасының бас дәрігері Гүлсайран Кенжешова және ауыл тұрғындары қатысты.


-Құрметті ауылдастар. Бұған дейінгі кездесулерде ауылдарыңыздағы фельдшерлік амбулаториялық пунктіне автокөлік қажет екендігін айтқан едіңіздер. Бүгін, міне сол түйткілді мәселенің шешімі табылды. Өткен жылы екі автокөлік алып ауылдарға жөнелтіп едік. Енді, міне сіздерге де кезек келген екен. Құттықтаймын. Ең бастысы денсаулықтарыңыз мықты болсын,- деп тілегін жеткізген аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы алдағы жылы Мерей ауылдық округіне дейін жеткізетін жолдардың салатыны жөнінде қуанышты хабарды жиналғандарға жеткізді.

Сонымен қатар жиналған қауым аудан орталығында 320 орындық спорттық ойын-сауық кешенінің құрылысы басталатындығынан құлағдар болды. Ауыл ақсақалы Жұман Ахметұлы мен аудандық аурухананың басшысы Гүлсайран Кенжешова сөз сөйлеп, жүрек жарды тілегін жеткізді. Бас дәрігердің сөзінше келер жылы Мерей ауылындағы фельдшерлік амбулаториялық пунктіне күрделі жөндеу жүргізілетіндігін айтты.

Темірболат ӘНУАРҰЛЫ,

Тасқала ауданы