20.09.2019, 17:40
Қараулар: 481
«Ұлттық құндылықтарды ұлықтау – ұрпақ парызы»

«Ұлттық құндылықтарды ұлықтау – ұрпақ парызы»

Осындай тақырыппен Амангелді ауылдық округінде аудандық ардагерлер ұйымының кеңейтілген кеңес отырысы өтті. Оған аудан әкімі А.Халелов, облыстық аргерлер кеңесінің төрағасы М.Мұхамбетов, мәслихат хатшысы С.Рахимов, аудандық ардегерлер кеңесінің төрағасы Ж.Балыков пен ауыл әкімдері қатысты.


Жиынға келгендер алдымен ауыл орталығында орналасқан «Өшпес ерлікке тағзым» ескерткішіне тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды. Мұнан соң мектеп ішінен ашылған ауыл тарихын қойнына жинаған мұражаймен танысты. Ауыл қонағы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Әбілқасымұлы естелік кітапшаға қолтаңбасын қалдырды.

Дөңгелек үстел басына жиналғандар күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелермен танысты. Алдымен сөз алған Мерей ауылдық округінің әкімі М.Нәріков «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары шеңберінде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Округ жастары мен тұрғындары бірлесе өткізетін шаралардың мән-мағыналы, тәрбиелі мазмұны бар екенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ жастар саясаты мәселесі бойынша сөз алған аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Г.Бирниязова ұмыст облған салт-дәстүрді насихаттау бағытында атқарылған жұмыстар тізімін атады.

  • «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында ұмыт болған салт-дәстүрді жастар арасында насихаттау бағытында біркелкі жұмыстар атқарылуда. Аталмыш мақала халқымыздың тарихи-мәдени және рухани мұраларын келешек жастарға кеңінен түсіндіруде үлкен рөл атқарады. Мақалада айтылғандай: «Ұлттық болмыс сақталғанда ғана жаңғыру жүзеге асады». Жалпы жастар арасында ұлттық ойындар ұйымдастырылып, сайыстар өткізілуде. «Мен» деген жастар сайыстарға қатысып, бақтарын да сынап жүр. Аталмыш шараларды ұйымдастыру барысында, бізді, жастардың белсенділігі қуантады. Олардың салт-дәстүрді игеруге, ырым-тиымдарды үйренуге деген қызығушылықтарын айтпай өтуге болмайды. Мысалы, жастар арасында ұйымдастырылған қой қырқудан жарыс, «Қыз қуу», «аударыспақ», «теңге ілу» сияқты ұлттық ойындарда да жастарымыз белсенділік танытып жүр,- дейді.

Бұдан өзге сөз алған Тасқала ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Залиев 2018-2019 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталса, «Ақтілеу» әжелер ансамблінің жетекшісі М.Нұрмақова ұрпақ тәрбиесі жолында істелген істерді тілге тиек етті.

  • Біз қазір «Рухани жаңғыру» деп ұлттық болмысымызды сөз етіп, ұрпақ тәрбиесі мәселесін көтеріп отырмыз. Байқап қарасақ, мектеп пен қоғам балаға білім берер, бірақ тәрбие емес. Өйткені тәрбиенің өзегі отбасында, туып өскен мекенінде, жанұяда қалыптасады. Одан артық баланы тәрбиелейтін ештеңе де жоқ. Сондықтан ең алдымен тәрбие мәселесіне ата-ана жауаппен қарау керек. Шетелге еліктейтін емес, кешегі өткен Махамбеттей батырлардың өр рухын бойға сіңірген ұрпақ – еліміздің ертеңі. Азаматтық абыройды бойына жинаған, әке мен шешеге құрмет көрсетіп, жақсы мен жаманды, адал мен арамды айыра алатын ұрпақты тәрбиелеу әрқайсымыздың мойнымыздағы ең ауыр жүк. Сондықтан біздер, әжелер қауымы, жастармен кездескен әр шарада тәрбие болар сөзімізді айтып, үлгі болар істерді көрсетіп жүреміз. Барлық ұйымдастырылып жатқан шаралар да сондай бір мазмұнда болғанын қолдаймыз,- деді Майра Әбуқызы.

Мұнан соң жарыссөзге қатысқандар да рухани жаңғырудың құр жаңғырық болмай, белгілі нәтижелер алып келуін қадағалау қажетін айтты.

  • Жастарды алдымен еңбекке баулу керек. Мемелекетке қарап, барлығын содан ғана күтіп отырмай, өз бетімен жұмыс жасап, тірлік етуді үйрету қажет. Еңбекке ептілік те бала күннен қалыптасады. Сондықтан үй ішінде әке мен шеше балаға өз адал еңбегімен тапқан нанның қаншалықты қымбат екенін айтып та, түсіндіріп те отырғаны жөн. Одан бала жаман болмайды. Қазіргі кезде мемлекет тарапынан жастар үшін берілетін қаржылай көмектер, кәсіп ашуға арналған бағдарламалар қаншама. Соның барлығы еңбек етемі дейтін адамға үлкен көмек. Соны жастарға түсіндіру керек. Қоғамдық іс-шараларға белсене араласуын қадағалау керек,-деді жиын соңында аудан басшысы Алдияр Сансызбайұлы.

Әсем АМАН