23.09.2019, 17:08
Қараулар: 392
Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

  Өткен аптада аудан әкімдігінің үлкен залында Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Люция Әсетқызы, ауылдық округ әкімі Гүлжан Болатқызы және мекеме басшылары мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.


Жиында күн тәртібіне қатысты сұрақтар қаралды. Алғашқысы «Тасқала ауылын абаттандыру жұмыстары туралы» есебі. Бұл сұрақ бойынша ауылдық округ әкімі Г.Мұқамбетқалиева аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыс барысы туралы мағлұмат берді. «Аудандағы қоғамдық тәртіптің қамтамасыз етілуі және елді мекендерде абаттандыру қағидаларының талаптарының сақталуы туралы» атқарылған және жүргізіліп жатқан жұмысы бойынша Н.Шамғалиевтың баяндамасы тыңдалса, аудандық жұмыспен қамту бөлімі басшысы А.Абулхаирова «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы» ақпарат ұсынды. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы С.Иманғалиев «Тасқала аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы оның сапасын арттыру бойынша» есебін тілге тиек етті. Тасқала аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастембекованың 2018 жылғы 26 желтоқсандағы №31-1 «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы», «Тасқала ауданының 2019-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы бойынша базалық көрсеткіштер тізіміне өзгерістер енгізу тралы», Тасқала аудандық маслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы №31-2 «2019 жылы Тасқала ауданының елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы баяндамасы тыңдалды.

Аудандық мәслихат аппараты басшысы Т.Ержігітова Тасқала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы №23-1 «Тасқала ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарын түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы хабарлады.

Жиын барысында көтерілген мәселелердің олқылық жақтары көрсетіліп, сұрақтар қойылып, жауаптары алынды.

Болат БЕК