23.09.2019, 17:15
Қараулар: 193
«Болашақта шаруашылықты кеңейткім келеді»

«Болашақта шаруашылықты кеңейткім келеді»

Қысы қыстақта, жазы жайлауда көшіп-қонып жүрсе де шаруасын тастамайтын халық едік. Еңбекқорлық бабамыздан қалған өнер десекте артық болмас. Бірі көз майын тамызып, түн ұйқысын төрт бөліп кітап жазса, енді бірі қолына таяқ алып жазық далаға малын жаяды. Оңай емес әрине. Бірақ сол еңбекқорлықтан ләззат алатын жандарды көргенде, менде сондай болсам ғой деген мақсат ішімізде жоқ емес. Тек сол мақсатқа жету үшін ерінбеу керек. Жуырда тасқалалық, бірақ қазіргі таңда Орал қаласында тұратын Нұржан Төлеғалиев деген ағамызбен ауыл ішінде жолығып қалған едік. Бұл күнде ол, қыстақта мал бағумен бірге құс асырауды да қатар қолға алып жүрген қара шаруаның адамы екен.


«Әлия» жеке қожалығын жүргізіп отырған Нұржан Төлеғалиев қазіргі таңда аудан орталығындағы жекелердің малын қырға әкеліп бағуда. Онда қой, сиыр және жылқыда бар. Негізінен құс өсірумен біраз жылдан бері айналысып келеді екен. Жақында электр бағандарын орнатып алған. Жарық келіп тұр. Ұялы байланыс бар. Шаруа кейіпкеріміздің қуанышында шек жоқ. Тек қызмет жасап, кәсібімізді дөңгелету керек дейді ағамыз. Қазіргі таңда өз қаражатымен жүз қаздың балапандарын сатып алып, Деркөл өзенінің жағасында өсіруде. Алғашқы балапан кезінде аздаған қиындықтар болатынын әңгіме арасында тілге тиек етті. Оларды мәпелеп, қашан өсіп кеткенше мұқият қадағалау керек екен. Балапан кезінде көбінесе орташа жағдайға жеткендерін сатып алуға тырысатын көрінеді кейіпкеріміз. Ал егер өте кішкентай кезінен сатып алсаң көбісі шыдамай қалуы мүмкін дейді. Бұған дейін қаздың санын 400-ге дейін жеткізіп көрген. Табыс бар, бірақ қазіргі таңда жемінің құны қымбаттау болғаны қаздың санын азайтып бағуға әкеліп соқтырған көрінеді. Бірақ қаз асырау кәсібі өзіне өте қатты ұнайтындығын сөз арасында байқатты. Кішкене өскеннен соң өзен жағасына апарып жаяды екен. Алты ай асырағаннан кейін саттыққа шығарып, бейнетінің зейнетін отбасымен бірге көреді екен кейіпкеріміз. Көзімізбен көргеніміздей көмек күші жетеді. Нұржан ағамыз болашақта шаруашылықтың ауқымын кеңейткісі келетіндігінде жасырмады.

Деркөл өзенінің жағасы тал-терекке бай. Шаруашылықтың қай түрімен айналыссаңда дөңгелене жөнелетіндігі көзге көрініп-ақ тұр. Табиғатта сөз жоқ. Тамаша….

Темірболат ӘНУАРҰЛЫ