27.09.2019, 19:12
Қараулар: 168
Киіз басып бақ сынады

Киіз басып бақ сынады

Бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық өнерімізді жаңғырту мақсатында   Амангелді ауылында  мекемелердің ұйымдастыруымен «Бабадан қалған бар байлық» атты    киіз басудан  аудандық сайыс өтті.


Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Ғазез бен  округ әкімі Қ.Жұмагереев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Содан соң әр округтен келген 6 команда  тұскиіз басу бойынша  өзара сынға түсті. Олар алдын-ала дайындап алып келген  киізді қалай басу керектігін  іс жүзінде көрсетті. Оның жасалу жолын жиналғандарға түсіндірді.

Нәтижесінде мерекелік әжелер басқан текемет ең үздік деп танылып, бірінші орынды жеңіп алса, екінші орын шежіндіктерге бұйырды. Ал, үшінші орынды мерейліктер өз қанжығаларына байлады.

Әділқазылардың шешімі бойынша «Ұрпақтар сабақтастығы» аталымын  Достық ауылдық округі иеленсе,  «Ұмтылыс» аталымын  Қазақстан ауылдық округі, ал «Шебер қолдар» аталымын амангелдіктер еншіледі.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы

(Материалдың толық нұсқасын газеттің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.)