8.10.2019, 15:53
Қараулар: 335
Тынымбақта жаңа ескерткіш

Тынымбақта жаңа ескерткіш

Аудандық мәдени демалыс орталығының жанындағы тынымбақта  Семей полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккендер мен Ауған жерінде қаза тапқан жауынгерлерге, сондай-ақ Чернобыль атом электр станциясын залалсыздандыруға қатысқан азаматтарға арнап еңселі ескірткіш орнатылды.


Оның ашылу құрметіне аудан әкімі С.Халелов пен «Чернобыль» мүгедектерінің Батыс Қазақстан облыстық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Тайманов, облыстық ерекше тәуекелді солдаттар қоғамдық бірлестігі кеңесі төрағасының орынбасары М.Кулманов, сондай-ақ еңбек ардагерлері, зейнеткерлер, бөлім басшылары мен мектеп оқушылары қатысты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, сонымен қатар келер ұрпаққа ерлікті дәріптейтін ескерткіштің аудан орталығында бой көтеруіне  жеке кәсіпкерлер А.Ликеров, А.Мурзағалиев, С. Қаленов пен Ө.Қангереев демеушілік танытты. Салтанатты шарада аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы жиналғандарды ескерткіштің ашылуымен құттықтап, демеушілік танытқан кәсіпкерлерге алғыс хаттар табыс етті. Мектеп оқушылары жырдан шашу шашты. Шараға қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, естелік суретке түсті.

Болатбек Сапарғалиев