8.10.2019, 16:01
Қараулар: 38
Еске алу турнирі өтті

Еске алу турнирі өтті

   Аудан орталығындағы «Жастар» стадионында футбол тренері Мағзом Исқалиевті еске алуға арналған шағын футболдан облыстық турнир өтті. Биыл төртінші рет ұйымдастырылған ала доп бәсекесіне 6 команда қатысып, өзара бақ сынасты.


Турнирде сөз алғандар марқұмның өміріне қысқаша тоқталып, қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді. Сонымен турнир қорытындысы бойынша Тасқала командасы топ жарды. Пединститут командасына екінші орын бұйырса, үшінші орынды Қабыршақты (Ақжайық ауданы) аяқдопшылары еншіледі.  Сонымен қоса ойын барысында көзге түскен ойыншыларда грамотамен және арнайы естелік сыйлықтармен марапатталды.  Үздік шабуылшы Б.Сәрсенбай  (Пединститут), үздік қорғаушы З.Әлібековков (Қабыршақты), үздік қақпашы А.Исатаев (Тасқала ауданы) аталымдары бойынша марапатталды.

Болатбек Сапарғалиев