8.10.2019, 16:02
Қараулар: 55
«Рухани экскурсия»

«Рухани экскурсия»

   Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасына екі жыл толды. Осыған орай ауылымыздың балалары Тасқала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласындағы «Рухани жаңғыру» мұражайы, тарихи-өлкетану мұражайына және сурет көрме залында болып қайтты.


Рухани шараға ауыл азаматтары өз үлестерін қосты. Ауылдасымыз Мерғали Меңхатов көлігімен көмек көрсетсе, Амангелді ауылдық округінің аудандық маслихат депутаты Виктор Федосов қаржылай көмектесті. Экскурсияға аз қамтылған және көп балалы отбасылардан мектеп оқушылары қамтылды. Еліміздің кешегісі мен бүгінінен сыр шертетін мұражайларда болған балалар өздері үшін тың дүниелер мен түрлі экспонаттармен таныс болып,тамашалап қайтты. Алдымен «Рухани жаңғыру» музейінде болып, өткен тарихымызбен, тәуелсіз Қазақстан тарихы жайында кең мағұлмат алды. Кейін облыстық-өлкетану музейіне барып неше түрлі тың жәдігерлермен танысты. Сонымен қатар сурет көрме залында болған балалар өңір суретшілерінің дүниелерімен жақыннан танысып, естелікке суретке түсті. Ендеше осындай пайдалы шараға атсалысқан ауыл азаматтарына өз атымнан алғыс білдіргім келеді. Келешек  ұрпақ тәрбиесі жолында осындай игі істеріңізбен үлгі болып жүре беріңіздер. Осымен тоқтап қалмай алдағы уақытта бұдан да үлкен шараларға жомарт жүректі, мәрт азаматтарымыздың осындай мейірімді шараларға белсене атсалысқанын қалаймын. Жастар жылы елге пайдасы тиер, артында ізі қалатындай сапалы шараларымыз көп болғай.

          Аман Байғали

Амангелді ауылдық округінің

жастар жетекшісі