8.10.2019, 16:15
Қараулар: 315
Діни мәселелер қозғалды

Діни мәселелер қозғалды

Жуырда облыстық мешіттің наиб имамы, республикаға танымал имам, теолог маман Сабыралиев Бақытжан Құралбайұлы ауданымызда болып, жастарға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын өткізді.


Шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Ғазез, Руханият қоғамдық бірлестігінің басшысы Қ.Тыным, ресурстық орталық басшысы Г.Бирниязова және аудан жастары мен мектеп оқушылары қатысты. Кездесуді ұйымдастырудағы мақсат жастардың уақытын тиімді пайдаланып, дәстүрлі дін мен жат ағымдардың ара жігін ажырата білу. Осы мақсатта Бақытжан Құралбайұлы  әр өңірді аралап, жаастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Ұлтымыздың ұлттығын, болашағын сақтау үшін біз жастарымызға көңіл бөліп, олардың діни жат ағымға еріп кетпеуіне  өз күшімізді салуымыз керек,-деген болатын ол өз сөзінде.

   Теолог маман жұмыс сапарында әр округтің тұрғындарымен кездесіп, олардың сауалдарына құлақ түрді.  Кездесу  соңында жастарға елімізде тыйым салынған деструктивті діни ұйымдар туралы ақпарат беріп, қазіргі таңда діни сергек, сауатты болу керектігін тілге тиек етті. Ғаламтордан келетін қауіп-қатер жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шара соңында жастар өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауап алды.

Болат БЕК