16.10.2019, 10:27
Қараулар: 183
Жастар саясаты қаралды

Жастар саясаты қаралды

Аудан орталығында облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың жастар саясатын жүзеге асыру бойынша ХҮІІ алқа отырысы өтті. Аталмыш шараға БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы М.Нұркен арнайы қатысты.


Алдымен «Самғау» coworking орталығында жиналған шара қатысушылары жастар жылына орай атқарылуы тиіс жұмыстар ұсынылды. Сондай-ақ 2020 жылы «Еріктілер жылы» аталуына орай бірдей киім үлгісін жоспарға енгізу мәселесі тілге тиек болды.

-Жастар саясатын жүргізуге мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Қайтарымсыз мемлекеттік гранттар, отбасылық бизнесті дамытуға берілетін несиелер мен жаңа жобалар соның дәлелі. Жастар ел ертеңі деген мемлекетіміз олардың белсенді әрі берекелі, тәуелсіз өмір сүргенін қалайды. Бүгінде өз алдына кәсіп ашып отырған жастар қауымы аудан көлемінде айтарлықтай бар. Олар өз еңбегімен отбасына да, елге де пайдасын тигізіп, салауатты өмір сүруде. Сондай жандар келешекке үлгі болуы тиіс. Жасар жылына орай алға қойған мақсат міндетімізді абыроймен атқарып, жақсы нәтиже көрсетуге тырысайық, — деді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Г.Бирниязова.

Шара қатысушыларына Ақтау ауылындағы қасиетті ақбұлақ басына бару сәті түсті. Сондай-ақ Ешкітауға жол жүрген қонақтар тау басына «жастар капсуласын» орнатты.

Әсем СЕРІК