18.10.2019, 12:12
Қараулар: 217
Қайырымдылық пен қамқорлық бір қатарда

Қайырымдылық пен қамқорлық бір қатарда

Орал қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік мекемеде аудан көркемөнерпаздарының  концерті өтуде. Аталмыш шара «Қайырымдылық айлығы» аясында ұйымдастырылуда.


Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева қариялар қауымына елдің сәлемін жеткізді. Дендеріне саулық тілеп, ғұмыр жастарының ұзақ болуын тіледі.

Айта кетейік аталмыш мекемеде тұрып жатқан қариялар арасында барлығы 17 тасқалалық ақсақал бар.

  • Жыл сайынғы «Қайырымдылық айлығы» шеңберінде жерлестерімізге сәлем беріп, Орал қаласындағы қарттар үйіне келеміз. Оларға сыйлық таратып, көңіл бөлуге тырысамыз. Аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздарының концертін тарту етеміз. Ауылдан келген дәмнен дастархан жайылады. Көшім және Круглозерный балалар үйі мен психологиялық-нервологиялық орталықтарында да жерлес балаларымыз бар. Сондай-ақ Казталов аудандық қарттар үйінде де екі жерлесіміз тұрады. Аудан арасы алшақ болғандықтан ол кісілерге барудың сәті түспей жатады, сондықтан сыйлығымызды арнайы беріп жібереміз. «Қайырымдылық айлығы» аясында қарияларымызға көрсетілетін құрмет біздің оларға деген жылы ниетімізді көрсетеді. Қайырымыдылық кезінде оларға көмек қолын созу, көңіл бөлу борышымыз деп білеміз. Олар назардан тыс қалмауға тиіс,- дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бәтима Кентоғаева.

Қарияларға ауылдан барған дәмнен дастархан жайылып, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шара барысында ақсақалдар сағынышқа толы әндерді орындап, естелік кезеңге көз жүгіртті. Сондай-ақ оларға арналған сый-сыяпаттар табыс етілді.

Темірболат ӘНУАРҰЛЫ,

Тасқала ауданы