28.10.2019, 17:44
Қараулар: 142
Мәселелер талқыланды

Мәселелер талқыланды

   Жуырда Қазақстан ауылдық округі әкімі Әлібек Сарсеновтың төрағалығымен  тұрғындар  алдындағы сход жиыны өтті. Оған  ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері, Қоғамдық кеңес мүшелері мен білім, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала мекемелерінің басшылары қатысты.


Жиынның күн тәртібінде ауыл тазалығы, қысқы жол тазалау мен мал ауруының алдын алу шаралары, құқықбұзушылықты алдын алу, білім, денсаулық салалары бойынша мәселелер талқыланды. Алдымен Әлібек Өренұлы сөз сөйлеп, округте атқарылған жұмыстарды айта келіп, тазалық мәселесін тілге тиек етті. Әсіресе, қыс мезгілінде жолды тазарту мәселесі оңай болмайтынын, бұл бағытта  кәсіпкерлерді тарта отырып олармен келісім шарт жасау арқылы жұмыстану керектігін айтты. Одан әрі сөз алған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Кентоғаева жаңа жылдан бастап қолданысқа енгізілетін АӘК туралы түсіндірді. Оны алу құқығын анықтау үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы мен ауылдық округ әкіміне жүгіну керектігін немесе 111 нөміріне хабарласып, кеңес алуға болатынын айтып өтті.

Жиын барысында малда кездесетін сарып ауруы мен мал дәрігерінің жетіспеушілігі де көтерілді. Бұл жөнінде аудандық ветеринариялық станцияның директоры Х.Утешқалиев сөз алып, мал дәрігерінің жетіспейтіндігі күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе екенін айтты. Қазіргі таңда маман табу жөнінде жұмыстардың жүргізіліп жатқанын да жасырмады. Ал сарып ауруына байланысты Атамекен ауылында жағдайдың қалыпты екенін тілге тиек етті. Жиын соңында тұрғындар сауалына мамандар толықтай жауап берді.

Болат БЕК