28.10.2019, 17:48
Қараулар: 134
Гендерлік даму тұрақтылығы

Гендерлік даму тұрақтылығы

Өткен аптада Орал қаласында «Жайық Пресс» медиахолдингінің баспасөз орталығында «Медиа және гендерлік тұрақты даму мақсаттары» атты семинар тренинг өтті.


Аталмыш шараның мақсаты гендерлік тұрақтылықты дамытудың мақсаттарын айқындауда жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен жергілікті атқарушы органдардың баспасөз қызметтерінің әлеуетін арттыру болатын. Семинарға «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Рауан Сәбитов, Қазақстандағы БҰҰ әйелдер ұйымының бағдарламалық маманы Гүлнар Смайлова, сондай-ақ аталмыш жобаның басшысы, професор Назгүл Шыңғысова мен тренерлер, сондай-ақ әр ауданның редакторлары мен жауапты хатшылары  қатысты. Семинарда әйел құқығы мен олардың қоғамдағы рөлі туралы айтылып, маңызды ақпараттармен бөлісті. Ойындар ойнатылып, қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды.

 

Назгүл Серікқызы