29.10.2019, 16:34
Қараулар: 132
Жабусыз қалған құбырлар қауіпті

Жабусыз қалған құбырлар қауіпті

Соңғы уақытта балалардың ашық тұрған кәрізге құлап кеткені жөнінде жиі естиміз. Әр тұрғын өзінің ауласындағы, ал тиісті мекеме көшедегі құбыр қақпақтарын уақтылы әрі тығыз жапса, мұндай жағдайдар орын алмайтын еді.

Бірақ кейбір адамдар ашық тұрған кәріз құбырларының беттерін әйтеуір жабылса болады деп ағаш, қаңылтыр, дөнгелек немесе сеткамен жаба салады. Жабылмаған әрбір люк өзімізге қауіп төндіретінін ешкім ескермейді. Сол себепті қар түскенге дейін ауладағы кәріз құбырларының беттерін өздеріне сәйкес келетін арнайы қақпақпен жапқан дұрыс. Бұл адамдардың абайсызда кәрізге құлап кетуінен немесе жазатайым оқиғалардан сақтайды.

Тасқала ауданы ТЖБ