5.11.2019, 15:30
Қараулар: 178
Кәсіп ашам деушілерге несие бар

Кәсіп ашам деушілерге несие бар

Ауданымызда  тұрғындарға тұтынушылық мақсатта  кепілсіз несиелерді ұсыну  бағытында «Батыс Финанс» микроқаржы ЖШС өз қызметін бастады.


Бұл туралы «Бастау-бизнес» бағдарламасы арқылы оқыған болашақ кәсіпкерлермен кездескен «Батыс Финанс» микроқаржы ЖШС  директоры Руслан Бурпиев айтып берді.

  • Аталмыш серіктестік шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер үшін қолдау білдіру мақсатын көздеген. Жеке кәсіп ашамын деген айқын мақсатыңыз болса, еш қысылмай-ақ несие алуыңызға болады. Бастысы сіздің жоспарыңыз саналы болуы тиіс. Несиеге алған әр тиынды нақты қайда жұмсайтыныңызды білуіңіз шарт,- дейді ол.

Айта кетейік, кепілдіксіз несие 50 мың теңгеден бастап 1 млн теңгеге дейін берілсе,  кепілдікпен 1 млн теңгеден 5 млн-ға дейін ұсынылмақ. Сондай-ақ «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 2-бағыты бойынша 6%-бен несие алу жеке кәсіп ашу мүмкіндігін бермек.

 

Әсем АМАН