11.11.2019, 17:31
Қараулар: 302
«Менің Туым, Менің Отаным!»

«Менің Туым, Менің Отаным!»

Жуырда «Nur Otan» партиясының «Менің Туым, Менің Отаным!» патриоттық акциясы Тасқала ауданы, «Тасқала колледжінде» бастау алды.

Іс-шараға қатысқан «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалының консультанты Гүлдана Тұрымбетова студенттерді туған жерді, отанды сүюге, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақырды. Акцияның мақсаты–мемлекеттік туды насихаттау және қазақстандық жастарды патриотизмге тәрбиелеу, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік туды пайдалануға және орнатуға тыйым салу туралы қоғамда қалыптасқан стереотипті жою болып табылады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу-Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы.