11.11.2019, 17:51
Қараулар: 1274
Облыстан жүлдемен оралды

Облыстан жүлдемен оралды

«Балалар Даму Академиясы» іздестіру – зерттеу конференциясынан жерлестеріміз  жүлделі оралды.

Аталмыш шара жас ұрпақты патриотизм мен жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жан – жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру мақсатын көздеді. Жарысқа қатысушылар «Жайық- Урал» туристік- экологиялық, «Орал өңірінің кіші өзендері» экологиялық-өлкетану экспидициялары бойынша бақ сынасты. Сондай-ақ «Өз өлкеңді танып, біл» және «Орал өңірінің жасыл желкені» акцияларына белсене қатысты.

Нәтижесінде Тасқала ауданынан жасақталған құрама командасы ӀӀӀ орынға ие болды.

                                                                                        Аяжан САХИЕВА,

Жас туристер станциясының қосымша

білім беру педагогі