12.11.2019, 11:17
Қараулар: 473
«Кітапханашыларға кәсіби бағдар»

«Кітапханашыларға кәсіби бағдар»

Жуырда Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдістемелік бөлімінде кітапхана қызметкерлеріне кәсіби бағдар беру, әдістемелік –библиографиялық  кеңестер ұсыну арқылы кітапхана қызметінің кәсіби шеберлігін арттыру, кітапхана қызметін жарнамалау және озат тәжірибелерді насихаттау мақсатында «Кітапханашыларға кәсіби бағдар» тақырыбында ашық есік күні өтті.


Кітапханашыларға кеңестік көмек көрсетуде әдістемелік бөлім меңгерушісі А.Құспанова сандық және сапалық есеп тапсыру формаларын толтыру, жұмыс жоспарларын жасақтау, ал жиынтық бөлімінің меңгерушісі Г.Мурзекеева кітап қорымен жұмыс, кітаптар мен мерзімді басылымдарды есептен шығару туралы кеңестер берді. ОКЖ библиографтары Ш.Жұматова мен Б.Шотанова әдістемелік – библиографиялық және көмекші құралдарды дайындау, кітап көрмелерін жасақтау, ақпараттық-библиографиялық жұмыстарды жүргізу, кітапханалық-библиографиялық жіктеу бойынша бағдар берсе. Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Е.Мусина балалар жұмысымен таныстырып,  жас мамандарға жұмыс күнделіктерін толтыруда көмектер көрсетті. Қазіргі таңда кітапханашы өз кәсіби міндетін жетік білумен шектелмей, жұмыс тәжірибесінде жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана білетін, ақпараттық сауаты мол білікті маман болуы тиіс. Оқырмандарға жаңа дәуірде жаңа дәстүрде қызмет көрсету  үшін кітапхана мамандарынан шеберлік, жаңашашылдық талап етіледі. Сол себептен, кітапхана мамандарының кәсіби шеберлігін көтеріп, әріптестермен тәжірибе алмасуына  ықпал ету қажет.

Кітапхана ісі мамандары ашық есік күнінің  ұйымдастырылу деңгейін бағалап, тілектер мен ұсыныстар білдірді.

 

 

 

                                                                           Анаргүл Өтеуғалиқызы

                                                                           Тасқала аудандық

                                                                           орталықтандырылған

                                                                           кітапханалар жүйесінің

                                                                               әдістемелік бөлім меңгерушісі

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар