13.11.2019, 18:20
Қараулар: 377
Шежіндегі қабылдау

Шежіндегі қабылдау

Бүгін «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Алдияр Халелов көшпелі қабылдау кестесіне сәйкес II Шежін ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып қайтты. «Nur Otan» партиясының көшпелі қоғамдық қабылдау шарасына аудандық филиалының бірінші орынбасары Люция Жұбанышқалиева мен сала басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.


   Алдымен ауылдың тыныс тіршілігімен танысқан аудан әкімі әрі қарай талшықтық-оптикалық интернет желісінің тартылу жұмыстарын қадағалады. Шара ауылдық қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен кездесуден бастау алып, ауыл тұрғындарымен жиналыс өткізумен жалғасын тапты. Көшесінде қазақ радиосы сөйлеп тұрған аталмыш ауылдағы мәдениет үйінің ішін аралап көріп, одан әрі мектеп ұжымымен кездесті. Сонымен қатар аудан әкімі Жеңіс алаңын көріп ауылдық округ әкімі Алғадай Жамбылұлына тиісті жұмыстардың біразын алдағы бір айдың ішінде орындауға тапсырма берді. Ағымдағы жылы көптіктің арқасында жасалған бөгеттің жағдайымен танысқан Алдияр Сансызбайұлы жеке кәсіпкер Еркін Дүйсенғалиевтің қолға алып отырған шаруасын аяқтай барып көрді. Жалпы бұл ауылда жасалып жатқан жұмыстар баршылық. «Nur Otan» партиясының көшпелі қоғамдық қабылдауында тұрғындар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, ашық кездесу өткізді. Жиын барысында ауылдық округ әкімі Алғадай Жамбыл ағымдағы жылдың он айлық есебін берді. Жиналыстан кейін Алдияр Сансызбайұлы ауыл азаматтарын жеке қабылдады.

Темірболат ӘНУАРҰЛЫ