28.11.2019, 17:11
Қараулар: 272
Жаңа нысан пайдалануға берілді

Жаңа нысан пайдалануға берілді

    Елбасы Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасында сот жүйесінің дамуы мен мақсат-міндетін айқын көрсетіп берсе, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесінің жұмыстарын одан әрі жетілдіруді және жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған орай сот саласыда талапқа сай реформаланып келеді. Соның дәлелі ретінде өткен сәрсенбі күні Тасқала ауданының орталығында жаңадан бой көтерген заманауи сот ғимаратының лентасы қиылды.


 

Оның ашылу салтанатына БҚО әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов, аудан әкімі Алдияр Халелов, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы  Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров, БҚО сотының төрағасы Бек Әметов, сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасарлары, ардагерлер және құқық қорғау органдары мен сала  басшылары қатысты. Алдымен сөз алған Тимуржан Шәкімов облыс әкімі Ғали Есқалиевтің ыстық сәлемін жолдап, барша тасқалалықтарды келіп жеткен Тұңғыш Президент күнмен және сот ғимаратының ашылуымен құттықтады.

-Жаңадан ашылған нысан аудан халқы үшін қызмет ететін болады. Заманауи технологиямен жабдықталған бұл ғимаратта қаралатын әрбір іс әділ шешіледі деп сенемін,- деді облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов.

Аталмыш нысанның құрылысы былтырғы жылы көшпелі әдіспен басталған болатын. Оның жұмысын «Батыс Котломонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Жиында нысан кілтін серіктестік басшысы Дамир Балмулдин сот төрағасы Асланбек Дүйсенғалиевке салтанатты түрде табыс етті. Ашылу салтанатынан кейін келген қонақтар сот ғимаратын аралап көрді.

Назгүл Серікқызы