31.01.2020, 16:30
Қараулар: 198
Ардагерлер бақ сынады

Ардагерлер бақ сынады

Жақында елу жастан жоғары ардагерлер Шежін ауылында бас қосып, волейболдан бақ сынады.


Аталмыш шараны ұйымдастыруда аудандық мәдени ойын сауық және спорт клубының қызметкерлері белсенділік танытты. Жарысқа Ақтау, Қазақстан, Достық, Тасқала және Шежін ауылдарының құрама командалары қатысты. Салтанатты жиында сөз алған Шежін ауылдық округінің әкімі Алғадай Жамбыл қонақтарға қош келдіңіз айтып, дәстүрлі жарысқа қатысатын командаларға сәттілік тіледі.

Әдемі ойын өрнегінің қорытындысы бойынша шежіндіктер жеңімпаз атанып, ауыспалы кубокті екінші мәрте ұтып алса, II орынды Достық ауылының құрама командасы жеңіп алды. Ал, III орынды Қазақстан ауылдық округінің командасы еншіледі.

Шара соңында барлық жеңімпаз командаларға арнайы медальдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Болат БЕК