31.01.2020, 17:47
Қараулар: 210
МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

 

Жуырда аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Люция Жұбанышқалиева мен партиялық бақылау тобының мүшелері «Сәулет» мектеп-лицейінің асханасына рейд ұйымдастырды.

Негізгі мақсат–мектеп асханаларының тамақтану тәртібін қадағалау, балалардың тегін тамақтануы мен ас мәзіріне белгіленген тағамдардың енгізілуін және оқушылардың тамақтану нормалары мен асхана тазалығының сақталуын бақылау. Партиялық бақылау тобы аталмыш білім ордасындағы талапқа сай жұмыс істеп отырған асхана жұмысын оң бағалады.  Мұндай бақылау жұмыстары алдағы уақытта аудандағы барлық білім беру ұйымдарында жалғасын табатын болады, – деді аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Люция Әсетқызы.

Шынтемір Қадыров,

Фотоға түсірген автор